Ғалым Жүсіпбек Плюралистік бірегейлік пен мәдениет, әр кімнің өзінің төл мәдениетіне деген құрметті және айналадағы мәдени әр-алуандылық пен көп-түрлілікті тек қана қабылдау немесе мойындауды ғана емес, онымен араласуды, “барыс келіс жасауды” білдіреді. Адам құқықтарын дамыту мен плюралистік мәдениет арасында тікелей байланыстың бар екені, Орталық Азия және басқа да евразиялық елдер қоғамдарында көп жағдайда назардан тыс қалып тұрады. Алайда адам құқықтарын дамыту мен плюралистік мәдениет қалыптастыру, евразиялық интеграция елдерінде инклюзивті институттарды дамыту үшін ауадай қажет. “Инклюзивті институттар” мен “инклюзивті даму” қазіргі таңда қайсы бір елдің орта және алыс келешекте дамыған, алдыңғы қатарғы ел болатынын анықтайтын негізгі көрсеткіштердің арасында орын алып отыр. “Инклюзивті институттар” деп меритократия негізіне құрылған, яғни әркім тегіне, өмірлік…