Education,  political science

Әлеуметтік әділдікті құру және Паулу Фрейренің сыни педагогика (тұлғаны азат етуші педагогика) жөнінде пікірлері

– Дайындаған Алтынай Бақытбек

Паулу Фрейре мен оның философиясының басты мақсаты – адамдарға жеке тұлға ретіндегі өз мүмкіндіктері туралы айту, олардың өзін және қоршаған әлемді жақсы жаққа өзгертуге қабілетті екенін көрсету.

Паулу Фрейре осы уақытқа дейін әр мектепте қолданылып жүрген дәстүрлі білім беру формасын сынау үшін «банктік білім» терминін қолданған бірінші философ. Паулу Фрейре айтуы бойынша, білім берудің банктік моделі студенттерді бос шот ретінде қабылдайтын, ал мұғалім қажетті шекке дейін білімімен бөлісетін педагогиканың бір түрі.

Осы тұрғыдан алғанда, бұл модельдің проблемаларын атап өту өте оңай, мысалы, оқушылардың өзін-өзі көрсете алмауы және олардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін кеңістіктің болмауы, оқушылардың ақиқатын құрметтемеу және сабақта берілетін білім қатаңдығы.

Оның үстіне, экономикалық жағынан бай тап өкілдері білім берудің дәстүрлі үлгісіне қатты ықпал етеді. Көп жағдайда ондай адамдар мемлекеттік және жеке мектептерде басшылық қызметтерді атқарады, сол себепті олар өздерінің мүдделеріне сәйкес келетін білім беру үлгісін енгізеді.

Міне, осы мәселелерді байқаудан сыни педагогикалық қозғалыс туды. Сыни педагогика – білім беру философиясындағы ой мектебі, ол сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті жеке тұлғаны дамытатын, студенттерді өз мақсаттарына жетуге және қалыптасқан жағдайға күмәндануға шақыратын білім берудің жаңа түрін құруға бағытталған.

Білім беру қоғамдағы үстем таптардың ілім арқылы өз билігін кеңейтетін тетік емес, керісінше, езілгендерге өз болмысын белсенді түрде жақсы жаққа өзгертуге, ал бізді адам ретінде жақсартуға мүмкіндік беретін құрал болуы керек. Қысқаша айтқанда, бұл педагогика мен білім беру философиясындағы ой мектебі, оның мақсаттары интеллектуалдық және әлеуметтік жағынан да эмансипация болып табылады.

Езілгендер педагогикасы

Осы кітабында Паулу Фрейре сыни педагогика авторлары қатты сынға алған бұрын айтылған банктік білім және мұғалім мен студент бір-бірімен білімдерін тұрақты диалог арқылы бөлісетін диалогтық оқыту әдісі сияқты өте маңызды ұғымдарды белгілейді. Мектептегі пәндер оқушылардың шындыққа және қызығушылықтарына байланысты болатындай етіп оқытылуы туралы сөз қозғайды.

Банктік білім берудің дәстүрлі моделінің кемшіліктерін ашып, диалогтық білім беру әдісі түріндегі жақсы балама ұсынған Паулу Фрейре білімнің қоғамды жақсы жаққа өзгерту құралы ретіндегі маңыздылығын түсіндіреді. Философтың пікірінше, мұғалімдер өз білімін оқушылармен бөлісіп қана қоймай, сонымен қатар олардың өзін-өзі ой елегінен өткізуге, өзін-өзі жетілдіруге, сыни тұрғыдан ойлауға, таптық санаға қарсы төңкерісшіл тұлғалар болуына көмектесуі керек.

Бастысы, Фрейре, білім беруді әділдікке жеткізетін саяси амал, саяси күрестің бейбітшіл және маңызды түрі деп қабылдайды.