Ғалым Жүсіпбек Қазіргі замандағы ең күрделі мәселелердің бірі – әр алуандықты қауіп деп санайтын «біртекті қоғам» құру мақсатындағы “эксклюзивті” (өзгелерді қабылдамаушы) этникалық бірегейлік, этникалық және діни «пуризм» идеяларының қауіп-қатері. Постсоветтік кеңістікте Украина, Грузия, Молдова сияқты елдер ұлтаралық жанжалдарды бастан кешірді. Этникалық бірегейлік мәселелеріне байланысты Әзербайжан, Армения, Грузия және Ресей сияқты елдер әскери конфликттерге қатысуда. Бірқатар қауымдастықтарда теріс, жағымсыз тарихи естеліктер топ мүшелерімен байланыс жасау және жаулардың бейнелерін жасау үшін пайдаланылуда. Алаңдаушылық тудыратын бір жайт, «жағымсыз» тарихи естеліктер “өзгелерге, бөтендерге” «экстремистік сипат» беру үшін қолданылып жатады. Соңғы жылдардағы популизм тұрақтылыққа қатер төндіретін экстремистік сипаттағы шығармаларды жасауға, орнықты дамуға қол жеткізу перспективаларын төмендетуге ұмтылады. Екінші жағынан, соңғы жылдары сарапшылар, мемлекеттік лауазымды тұлғалар,…